Айша Меңлібаева (1912, Қызылорда облысы Сырдария ауданы, 11-ауыл (қазіргі Бірінші май ауылдық кеңес)) – шопан, еңбек ардагері, «Қазақ КСР социалистік мал шаруашылығына еңбек сіңірген шебер», Социалистік Еңбек Ері (1958). Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1962 – 65).

Еңбекке 18 жастан (1930) араласқан. 1941 жылы майданға аттанған ерінің орнына аға шопан болды. 1957 жылы 100 саулықтан 139-дан қозы өсіріп, әр қойдан 3,1 кг-нан жүн қырықты, қаракөл елтірісінің 73%-ын бірінші сортпен өткізді. 1963 жылы 1 май атындағы ұжымшар «Первомайский» кеңшарының құрамына енген кезде Меңлібаева Ірілендірілген шопандар бригадасын ұйымдастыру жөнінде бастама көтерді, оны облыс жастары қызу қостады. Көп ұзамай бұл бастама республиканың барлық түкпірлерінде қолдау тапты.

Ленин орденімен марапатталған. "Сыр елі энциклопедиясы"

Дереккөздер

Сілтемелер МЕҢЛІБАЕВА АЙША// Кызылординская областная универсальная научная библиотека имени Абдильды Тажибаева

Санат:1912 жылы туғандар Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 5-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаттары Санат:Шопандар