Жақыпбек Махамбетов (1912, жылы туған, Сырдария ауданы) – 2-дүниежүзілік соғыс ардагері, Кеңес Одағының Батыры (22.2.1944Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генералам, офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 22 февраля 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 5 марта (№ 13 (273)). — С. 1). 1943 жылы ақпанда Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1943 жылы қазан айында Днепр үшін болған шайқаста пулеметші Махамбетов асқан ерлік үлгісін көрсетті. Немістің ірі калибрлі зеңбірегін, бір танкісі мен үш автокөлігін жойып жіберіп, 90-ға тарта жаудың көзін құртты. Соғыстан кейін Сырдария, Тереңөзек аудандарында ұжымшар, ауылдық кеңес төрағасы, кеңшар бөлімшесінің басқарушысы болып қызмет атқарды.

Дереккөздер

Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:1912 жылы туғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар