Йазид ибн әл-Уәлид ибн Абд әл-Мәлік () немесе III Йазид (701 — 4 қазан 744) — Умәйя әулетінен шыққан халиф. 744 жылдың сәуір және қазан айлары аралығында билік құрған.

Өмірбаяны Йазидтің анасы – халифа I Уәлидке күң ретінде сатылған парсы князінің қызы болғанPhilip Khuri Hitti, History Of Syria (Gorgias Press LLC, 2004), 489. Йазидтің өзі: «Менің Хұсрау, Хакан, Қайсар және Маруан сияқты төрт патшаның ұрпағымын» деп айтады.Әбу Осман Әмір ибн Джахиз. әл-Фатһу жолдауы. vostlit.info. Араб тарихшысы Мұхаммед ибн Джәрир әт-Табари ұзын бойлы және кербез болған деп сипаттайды.Tabari, 243.

III Йазид тұсында кейбір халифат провинцияларында бірінеше наразылық толқулар болды. Бұдан бөлек әулет ішінде жікке бөліну орын алды. Хомса тұрғындары бүлік шығарып, өлтірілген әл-Уәлид ибн Йазид үшін кек алу мақсатында оның ұлы Хакам ибн әл-Уәлидті халиф етіп жариялайды. Бүлікшілер провинция наменгерін өлітіріп, Әбу Мұхаммед әс-Суфйанның басшылығымен Дамаск қаласына кіріп келеді. Жасақ Сүлеймен ибн Хишам мен Абд әл-Ғазиз ибн әл-Уәлидтің тарапынан талқандалып, әс Суфйян тұтқынға алынады.Көтерілістер сонымен қатар Палестина, Армения және Атропатена жерлерінде де бой көтердіА. Әли-заде. III Йазид ибн әл-Уәлид (126/744) // Мұсылман мемлекеттерінің хроникасы. М., УММА,. 2004. — 445 с., илл. ISBN 5-94824-111-4.

Дереккөздер

Әдебиет

А. Әли-заде. Ибраһим ибн әл-Уәлид (126/744 — 127/744) // Мұсылман мемлекеттерінің хроникасы. М., УММА,. 2004. — 445 с., илл. ISBN 5-94824-111-4

Санат:Умәйя әулетінің халифтері