II Мұстафа (; ақындық лақап аты — İkbâlî; 6 ақпан 1664 — 29 желтоқсан 1703) — Османлы мемлекетінің 22-ші сұлтаны, Ислам халифатының 87-ші халифі, аңшы, қолбасшы.
Өмірбаяны II Мұстафа 1664 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны IV Мехмет шаңырағында дүниеге келді. Өзінің көкелері және ізашарлары II Сүлеймен мен II Ахметтен айырмашылығы — кафесте қамалмай, Эдирнеде емін-еркін өмір сүрді.
Көкесі II Ахмет қайтыс болған соң таққа отырды. Таққа отырған кейін Киелі Лигаға қарсы сәтсіз соғысты жеңуге әрекет етті. 1696 жылы Балқан жорығын өзі бастады. Сұлтан әскер аустриялық әскерден сан жағынан басым болғаннан кейбір жетістіктерге жетті. Алайда 1697 жылы садрағзам Алмас Мехмет паша бастағана османлы әскері ханзада Еуген фон Савойен бастаған габсбург әскерінен жеңілді. 1696 жылы орыс әскері Азауды алды.
1699 жылдың 26 қаңтарында Карловци бітім шарты жасалды. Бұл бітім шарт бойынша Венецияға Морея мен Далмация, Аустрияға Мажарстан мен Трансильвания, ал Польшаға Подолье өтті. Бұл оқиға елдің Әлсіреу дәуірінің бастамасы еді. 1700 жылдың 14 шілдесінде жасалған Константиние бітім шарты бойынша Ресейге Азов өтті.
Соғысты аяқтаған соң көбінесе Эдирнеде аңшылықпен айналысты. 1703 жылдың тамызында оған қарсы көтеріліс басталды. Көтерілісшілерге жаңа шеріктер де қосылды. Біріккен соң олар сұлтан тұрып жатқан Эдирнеге жорық жасады. Сұлтан ұланы көтерілісшілермен кездескенде солардың жағына өтті. Содан кейін II Мұстафа тақтан безді. Тақты інісі III Ахмет мұралады.
Ажалы 1703 жылдың 29 желтоқсанында II Мұстафа қайтыс болды. Мәйіті әжесі Тұрхан Қадиша сұлтан салған Жаңа Валиде сұлтан мешітінің жаңындағы мазарда жерленді.
Садрағзамдары № Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты 126 Сүрмелі Әли паша 6 ақпан 1695 — 22 сәуір 1695 2 ай 127 Алмас Мехмет паша 3 мамыр 1695 — 11 қыркүйек 1697 2 жыл 128 Көпрүлі Амжазада Қажы Құсайын паша 17 қыркүйек 1697 — 4 қыркүйек 1702 5 жыл 129 Далтабан Мұстафа паша 4 қыркүйек 1702 — 24 қаңтар 1703 5 ай 130 Рами Мехмет паша 25 қаңтар 1703 — 22 тамыз 1703 7 ай
Санат:6 ақпанда туғандар Санат:29 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:Стамбулда туғандар Санат:Османлы империясының сұлтандары