Ибраһим (; 5 қараша 1615 — 12 тамыз 1648) — Османлы мемлекетінің 18-ші сұлтаны, Ислам халифатының 83-ші халифі.
Ибраһим сұлтанатында османлылар Крит аралын жаулап алды, бірақ одан маңыздырақ жаулауларға қол жеткізе алмады. Сұлтан телі болды, және билік анасының қолында болды. Көсем сұлтанның мемлекеттік істерде дұрыс шешімдер қабылдауына қарамастан, османлыларға сол кезде әскери қуат керек болды. Сонымен қатар османлыларға ғибрат бола алатын қуатты билеуші қажет еді. Бірақ қыз қуып жүрген Ибраһим әскердің лайықты қолбасшысы да, мемлекеттің қуатты билеушісі де бола алмады.
Өмірбаяны Ибраһим 1615 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны I Ахмет пен Көсем сұлтанның шаңырағында дүниеге келді. Ибраһим сұлтандық отбасысындағы ең кіші бала болатын. Шаһзада телі адам болған және таққа ешқандай қауіп төндірген жоқ. Сондықтан оның ағалары II Осман мен IV Мұрат елде билік құрғанда, өлім жазасына кесілмеді. Ағасы IV Мұрат османлы әулетіндегі ең соңғы сұлтан болуға ниеттенді, сол себепті өз ажалы келген кезде інісі Ибраһимді өлім жазасына кесуді бұйырды. Алайда соңғы кезде анасы Көсем сұлтан баскесерлерге кедергі болып, кіші баласы Ибраһимді ажалдан құтқарды. Ал IV Мұрат қалтырау ауруынан қайтыс болды. Османлы сұлтандығының келесі сұлтаны болып Ибраһим жарияланды.
Билеген жылдары Ибраһим телі болғандықтан, мемлекеттік істермен айналыса алмады. Сондықтан оның анасы Көсем сұлтан регент болып тағайындалды. Райкот атты мәмілегер жаңа сұлтанның келбетін былай сипаттады:
Ибраһим билік құрғаннан кейін Османлы флотының Азау қоршауы әсерінен казактар сол қаланы қираған қалпында қалдырып кетті. Ал Михаил Федорович Ибраһимге елші жіберіп, османлылар мен орыстардың достық қарым-қатынасына қайтып келуін ұсынды.
Бірақ Ибраһим мемлекеттік істермен айналыспай, көбінесе өз уақытын гаремде өткізді. Сұлтанда тоғыз әйел және мыңдаған күңдер болатын. Соның ең беделдісі Тұрхан Қадиша сұлтан. Ол келешекте Аңшы Мехметтің уәлиде сұлтаны болады, және сұлтан билеген жылдарының басында онын регенті болады.
1641 жылдың қысында Ибраһим сырқаттып қалды. Сол кезде онын бір де баласы болған емес. Ал Көсем сұлтан бастаған османлы билігі жеміссіздігіне қапаланды. Алайда Ибраһим тез сауығып, өз жеміссіздігі жайлы өсекті жойды. Себебі, 1642 жылдың 2 қаңтарында сұлтанда Мехмет атты алғашқы бала туды. Келешекте бұл бала османлы сұлтаны IV Мехмет болады. 1640-1644 жылдары елді валиде Көсем сұлтан мен садрағзам Қара Мұстафа паша биледі. Алайда 1644 жылы садрағзам өлім жазасына кесіліп, келесі садрағзам болып Сұлтанзада Мехмет паша тағайындалды. Ол I Сүлеймен мен Хүррем сұлтанның неменесі болған еді. Бірақ, шын мәнісінде, бұл тағайындау сұлтанның тәлімгері Жынжы қожаның арқасында болды. Жынжы қожа Сұлтанзада Мехмет паша арқылы сұлтанның барлық істерін шешіп отырды, ал Көсем сұлтанның билігі өте қатты әлсіреді. Оның үстіне Ибраһимге Тұрхан сұлтанның ықпалы күшейді. 1644 жылы Көсем сұлтан мен Тұрхан сұлтан арасында ұрыс болғаннан кейін Ибраһим әйелін жақтап, анасын Ескі сарайға жіберді, ал өз әпкелерінің иеліктерін өз әйелдеріне сыйлады. Тіпті әпкелерін әйелдерінің кәнизактарына айналдырды.
Мехмет шаһзада туған соң, әдет бойынша, сұлтан балаға емізулі ананы белгіледі. Емізулі ана болып қара әтектердің басшысы Сүмбіл ағайдың күңі тағайындалды. Бұл күңді Сүмбіл ағай парсы күңсатарынан сатып алды. Сол кезде ағай күңді пәк деп санаған, алайда ол жүкті екені мәлім болды. Сондықтан Сүмбіл ағай күңді сарайдың бас қызметшісінің үйіне жіберіп, күң сол үйде өз баласын аман-есен туды. Сүмбіл ағайдың осы балаға деген құштарлығы сонша — оның гаремде өсуіне қол жеткізді. Ибраһим де бұл баланы өз баласынан гөрі жақсы көрді. Тұрхан сұлтан қызғаныштан бұл бала мен оның анасына қастандық жасады. Ал сұлтан өз әйелінің осындай қылығына ызаланып, өз баласы Мехмет шаһзаданы суатқа лақтырды. Қуанышқа орай, шаһзада өлген жоқ, бірақ маңдайында үлкен тыртық пайда болды.
1644 жылдың қазанында алты кемесі бар ионнит эскадрасы османлының бай кемесін тоңады. Бұл кемеде Меккенің бұрынғы қазысы, отыз шақты гарем күңдері және басқа бай қажылар болды. Серілер олжалармен бірге Критке жүзіп кетіп, оңтүстік жағалауында қорғалмаған жерде түсіп, су алды. Алайда осы жерге келген Венеция шенеунігі оларға кері қайтуды бұйырды. Серілер жүзуді жалғастырып, аралдың әртүрлі кемежайларында тоқтауға әрекет етті, алайда жергілікті шенеуніктер оларды қабыл етпеді. Ақырында, серілер османлы кемесін тастап, Мальтаға оралды. Ибраһим осы хабарды естіп, елдегі барлық христиан халықты қыруға бұйрық берді. Алайда көп ұзамай бұл ойынан бас тартты. Нәтижесінде Османия мен Венеция арасында Кандия соғысы басталды. Венеция флоты Османлы флотын Шанаққала бұғазында бөгеп отырды, ал османлылар адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған Кандия қоршауын жүргізді. Бұл қоршау 1648-1669 жылдары болып, 21 жылға созылды.
Садрағзамдары № Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты 95 Кеманкеш Қара Мұстафа паша 9 ақпан 1640 — 31 қаңтар 1644 3 жыл 11 ай 96 Сұлтанзада Мехмет паша 31 қаңтар 1644 — 17 желтоқсан 1645 1 жыл 11 ай 97 Неуесінлі Салих паша 17 желтоқсан 1645 — 16 қыркүйек 1647 1 жыл 9 ай 98 Қара Мұса паша 16 қыркүйек 1647 — 21 қыркүйек 1647 4 күн 99 Хезарпаре Ахмет паша 21 қыркүйек 1647 — 8 тамыз 1648 11 ай
Өнерде «Ғаламат ғасыр: Көсем дәуірі» телехикаясы (2015-қ.у., Ибраһим рөлінде — Рыдван Айбарыс Дүзей)
Санат:12 тамызда қайтыс болғандар Санат:5 қарашада туғандар Санат:Османлы империясының сұлтандары