Чепрасов Михаил МаксимовичҚазақ Энциклопедиясы 1924 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Целинный (қазіргі Ғ. Мүсірепов) ауданындағы Шалқар селосында туған. Ұжымшарда тракторшы болып істеген. 1942 жылдан Қызыл Армия қатарына алынған. Гвардия қатарындағы жауынгер Чепрасов Орталық майданның 13-­Әскерінде 75-­гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында 1943 жылдың 6 шілдесінде Курск облысы Поныров ауданы Поныр теміржол стансасы маңында болған шайқаста жаудың 4 танкін және ондаған солдаттар мен офицерлерінің көзін жойды. Осы ұрыста ол қаза тапты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1943 жылғы 7 тамыздағы Жарлығымен Михаил Максимович Чепрасовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Поныров ауданындағы Ольховатка селосында жерленген. Алматы облысындағы Сарқант қаласында бір көше мен мектепке батырдың есімі берілген. Дереккөздер

Санат:Тұлғалар Санат:Кеңес Одағының батырлары