Алғабас ауылдық округі – Абай облысы Жаңасемей ауданындағы әкімшілік бірлік.
Тарихы Алғабас ауылдық кеңесі 1955 жылға дейін Семей облысы Абыралы ауданының құрамында болды. Ауданның таратылуына байланысты, ауылдық кеңес Қарағанды облысының Қу ауданына қосылды. 1957 жылы Бүркітті ауылдық кеңесімен біріктіріліп, 1962 жылы «Доғалаң» кеңшарының құрылуына байланысты Алғабас ауылдық кеңесі болып өзгертілді. 1977-1988 жылдары жаңадан ашылған Талды ауданының құрамында болды. 1988 жылы аудан таратылып, ауылдық кеңес Егіндібұлақ ауданына қайтарылды. 1990 жылы Абыралы ауданының қайта құрылуына байланысты Семей облысына берілді.Қарағанды облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының тарихы бойынша анықтама (29 шілде 1936 ж. - 1 қаңтар 2006 ж.) — Қарағанды: Қарағанды облысының архивтер және құжаттама бөлімі, 2006. 1997 жылы Абыралы ауданы таратылып, Семей қаласының қарамағына өтті.
Әкімшілік құрамы Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Алғабас ауылы.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, Х том Округ құрамында болған Киікқашқан, Қызылжал ауылдары 2017 жылы таратылған.Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары Елді мекен 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен Алғабас ауылы1069 688 64,4 527 348 66 542 340 62,7
Дереккөздер
Санат:Жаңасемей ауданы ауылдық округтері