Құрсай — Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігіне қарасты Балықшы ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2018 жылы таратылған.Атырау облысы Атырау қаласының кейбір ауылдық округтері мен ауылдарын тарату туралы
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 2465 адам (1184 ер адам және 1281 әйел адам) болса, 2009 жылы 3062 адамды (1484 ер адам және 1578 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Әлеуметтік және мәдени нысандары Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі — алғаш рет 1965 жылы 25 тамызда орыс-қазақ тілінде дәріс беретін сегізжылдық «№25 орта мектебі» болып ашылды. Алғашында негізгі мектеп, соңынан жалпы орта мектеп болды. Мектеп ғимараты 1 қатарлы, 300 орындық. Балықшы аудандық атқару комитеті кеңесінің 1974 жылғы 20 тамыздағы №184 шешімімен №25 мектеп Құрсай орта мектебі деп аталды. 1992 ж. 18 наурыз Балықшы халық депутаттары кеңесінің VІІІ сессиясының №6 қаулысына сәйкес Құрсай орта мектебі Алтынсарин атындағы орта мектебі деп аталады. 50 жыл қызмет атқарған мектеп ғимараты бұзылып, 2014 жылы 300 орындық типтік мектеп салынды.Мектеп тарихы
Дереккөздер
Санат:Атырау қалалық әкімдігінің таратылған елді мекендері