Эллен Акссон Вильсон (ағыл. Ellen Axson Wilson, 15 мамыр 1860 — 6 тамыз 1914) – Америка Құрама Штаттарының президенті Вудро Вильсонның бірінші әйелі және 1913 жылдан бастап 1914 жылы қайтыс болған күніне дейін АҚШ-тың бірінші ханымы.
Өмірбаяны солға|нобай|192x192 нүкте|Эллен Вильсон Эллен Акссон Вильсон Саванна, Джорджияда киелі Самуэль Эдвард Акссон мен Маргарет Джейн (тумысында Хойт) Акссонның отбасында дүниеге келді. Эллен өнерге, музыкаға және әдебиеткеNew Georgia Encyclopedia: Ellen Axson Wilson (1860—1914) талғампаз ханым болды.
Томас Вудро Вильсон оны алғаш рет үш жасында көрген еді. 1883 жылдың сәуірінде Вильсон өзінің немере ағасына Римге барып, сол жерде өзінің жесір қалған әкесіне көмектескен Элленді кездестіреді. Олар бес ай кездесіп жүрді, бірақ неке тойын кейінге қалдыруды жөн көрді, себебі сол кезде Томас Джонс Хопкинс Университетінде сынау мерзімінде болды, ал Эллен ауру әкесінеEllen Louise Axson Wilson — Kids Encyclopedia | Online Encyclopedia | Kids Online Dictionary | Britannica күтім жасады.
Вильсон жиырма сегіз жасында жиырма бес жастағы Элленге 1885 жылы 24 маусымда қалындықтың атасының Саваннадағы үйінде үйленді. Рәсімге Вильсонның әкесі, Джозеф Вильсон және Элленнің атасы, Иссак Стоктон Кит Акссон қатысты. Бал айын олар Уэйнесвиллде өткізді. Сол жылы Брин Маур колледжі Вильсонға жылдық айлығы 1500 долларға тең мұғалім қызметін ұсынды. Олар колледждің кампусында Элленнің ағасымен бірге тұрды.
Балалары солға|нобай|Элленің моласы Вильсондарда үш қыз болды: Маргарет Вудро Вильсон (1886—1944) Джесси Вудро Вильсон Сейр (1887—1933) . Элеанор Рэндольф Вильсон (1889—1967)
Америка Құрама Штаттарының бірінші ханымы Ақ үйде тұрғанда Эллен үйдің үшінші қабатында студияда сурет пен эскиздерді салған. Жұмыстардан келген ақшаны ол қайырымдылыққа жұмсаған. Ақ үйде оның екі қызының неке тойы өткен. Вильсон кештердіEllen Wilson Biography — Biography.com ұйымдастыруды жақсы көрмеді. Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер White House biography - Эллен Вильсонның өмірбаяны.
President Wilson’s Other Wife
Findagrave.com сайтында Эллен Вильсон