Қарлыкөл — Ақмола облысы Зеренді ауданының батысында, Қарлыкөл ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 3 км-дей жерде орналасқан.
Гидрографикасы Көл теңіз деңгейінен 335,8 м биіктікте жатыр. Аумағы 3,3 км2, ұзындығы 2,5 км, енді жері 1,7 км, жағалау бойының ұзындығы 7,3 км, су жиналатын алабы 35,6 км2, ең терең жері 1,2 м. Суының көлемі 3,2 млн. м3. Оңтүстік жағалауынан басқа жерлері жайпақ келген. Көл түбіне тұнба шөккен. Көктемгі қар және жер асты суларымен толысады. Желтоқсанның 1-онкүндігінде суы қатып, сәуірдің 1-онкүндігінде ери бастайды. Жазда құрғап қалады. Суы мал суаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Зеренді ауданы көлдері