Ақсай ауылдық округі — Атырау қалалық әкімдігі аумағында болған әкімшілік бірлік. Округ Атырау қаласынан 11 шақырым қашықтықта орналасқан. 2022 жылы таратылып, Қайыршақты ауылдық округіне қосылды.Атырау облысы Атырау қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
Әкімшілік құрамы Құрамына Ақсай, Ақжар, Ближний подхоз (2007 жылы Атырау қаласының құрамына енгізілгенАтырау қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгеріс енгізу туралы) ауылдары кірді. Орталығы – Ақсай ауылы болды«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том.
Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 5008 адамды құрайды.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Тұрғын халықтың басым көпшілігі - мұнайшылар мен құс өсіру саласында еңбек еткендер.
Тарихы 1983 жылдың 15 наурызында Халық депутаттары Гурьев облыстық атқару комитеті, өзінің № 103 шешімімен жаңадан Ленинград селолық кеңесін құрып, оны халық депутаттары Гурьев қалалық атқару комитеті әкімшілік құрамына берді. Қазақстан Республикасының егемендік алуына орай әкімшілік атауы Ақсай селолық кеңесі, кейін округі болып өзгертілді.Атырау облысының топономикалық атауларының анықтамалығы Атырау, 2007 ж.
Дереккөздер
Санат:Атырау қалалық әкімдігінің таратылған ауылдық округтері