Үлкен қосаяқ () – қосаяқтар тұқымдасына жататын кеміргіш.
Үлкен қосаяқ Қазақстанның барлық жерінде мекендейді, тек таулы жерлер мен құмды шөлейтті жазықтарда сирек болады. Үлкен қосаяқ Шығыс Қазақстанда далалы жерлерде және өзен аңғарларында, жол бойында, жайылымды жерлерде кездеседі. Дене тұрқы 20 см, салмағы 400 гр. Үлкен қосаяқ жалғыз ауызды інін тұрақ етеді, оның ұзындығы 4 м, тереңдігі 2,5 м дейін барады. Үлкен қосаяқтар қыста ұйқыға кетеді және жер бетіне наурыздың басында шығады. Олардың ұйығу мерзімі созыңқы және бірнеше айға дейін жетуі мүмкін. Үлкен қосаяқ қоректенуге ымырт түскенде шығады, олар түнде өсімдіктердің тамырларымен, дәнімен, құрт-құмырсқамен, кейде тіпті бақшадағы екпе дәнді дақылдармен де қоректенеді. Үлкен қосаяқтар нағыз желаяқтар және жүгіргенде сағатына 50 шақырымды көрсете алады."Күншығыс" энциклопедиясынан.
Дереккөздер
Санат:Кеміргіштер