Орналасуы Қостанай облысы, Қарасу аудандық мешіті Қарасу аудандық мешіті Қарасу аудандық мешітін салу жөніндегі мұсылман кауымының бастамасы 1991 жылдың сәуірінде қолға алынды. Оны аудандық әкімшілік те қолдап, жиын өткізіп, мешіт құрылысына жәрдем беру туралы аудандық комитет құрылды. Комитет өз есеп-шотын ашып, халықтан мешіт құрылысына арнаған қаражат жиналды. Құрылысы сол жылы-ақ басталғанымен, кейін қаражат тапшылығынан уақытша тоқтап, 1995 жылы Әзімхан Тұрсынов басқаратын Қарасу жылжымалы механикаландырылған қолонна құрылысшыларының қажырлы еңбегі арқасында 1995 жылы салынып бітті. Осы жылдың 10 қарашасында аудан мұсылмандарының көзайымына айналған бұл 200 адам сиятын, биіктігі 11 метр мұнарасы ары-бері өткендердің назарын аударатын осы бір киелі орынның салтанатты ашылуы болып өтті. Сілтеме http://akmechet.kz/kz/info/mechetiobl/mechetkaz019.html

Санат:Қазақстан мешіттері