Питер Чарльз Доэрти (; род. 15 қазан, 1940, Брисбен, Аустралия) — аустралиялық ветеринар және ғалым, 1996 жылы «Адамның иммундық жүйесі саласында, атап айтқанда, оның жеңілген жасушаны анықтай алу қабілетін ашқаны үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты. Аустралия орденінің компаньоны.

Өмірбаяны Питер Доэрти өмірге 1940 жылы 15 қазанда аустралиялық Брисбен (Квинсленд) қаласында келген. Квинсленд университетін 1966 жылы бітіріп, содан кейін Эдинбург университетінде (Шотландия) диссертация қорғады және ол 1970 жылы өзінің философия докторы дәрежесін алды. Осыдан кейін, Доэрти Джон Кертин медициналық зерттеулер мектебіне Аустралияға оралды (Канберра), онда өзінің танымал антигеннің T-лимфоцитамтерімен тану туралы иммунологиялық жұмысын жүзеге асырды. Қазіргі уақытта негізінен Мельбурн университетінде жұмыс істейді (Виктория), және Мемфистегі Сент Джуд Балалар зерттеу ауруханасында жұмыс істейді.

Марапаттары 1995 жылы Доэрти Негізгі медициналық зерттеулері үшін Альберт Ласкер жүлдесін алды. 1996 жылы ол Рольф Цинкернагелмен бірге Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды. 1997 жылы Аустралияда жыл адамы атанды. Аустралия орденінің компаньоны.

Сілтемелер Сент Джюд ауруханасының сайтындағы Питер Доэертидің парақшасы Питер Доэртидің Нобельдік комитеттің сайтындағы өмірбаяны

Санат:Аустралия иммунологтары Санат:Аустралия ветеринарлары Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Ресей ғылым академиясының шетелдік мүшелері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Квинсленд университеті түлектері