Джозеф Эдвард МюррейТранскрипциясына сәйкес тегін бастапқы күйінде Мери́ деп айтылу неғұрлым қолайлы, алайда, әдебиетте қалыптасып үлгерген Мюррей транскрипциясы дәстүрге айналған ( қараңыз специальные и популярные издания. Кейде сондай-ақ ғалымның аты Ма́рри ретінде беріледі, өйткені басқа да көптеген жағдайларда, Murrey сөзі ['mʌri] деп айтылады) (, [mɜ'riː]The American Heritage Medical Dictionary (2007), Murray, Joseph E.; 1 сәуір 1919 жыл, Милфорд, Массачусетс — 26 қараша 2012, БостонTransplant doc, Nobel winner Murray dies in Boston , bigstory.ap.org) — американдық хирург-трансплантолог, бірінші рет адамның бүйрегін трансплантациялаушы. 1990 жылы Эдуард Томаспен бірге «ауруларды емдеуде органдар мен жасушалардың трансплантациясына қатысты жаңалықтары үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.
Өмірбаяны Джозеф Мюррей өмірге 1919 жылы 1 сәуірде Милфордте (Массачусетс) келген. Балалық және жастық шағында Мюррей спорт түрлерімен көп жыл (американдық футбол, хоккей, бейсбол) айналысқан. Ол Қасиетті Крест колледжіне түскен кезде, бейсбол ойыншы болуға дайындалып жүрген, алайда зертханалық зерттеулер жаттығулармен тұспа-тұс келіп отырған. Нәтижесінде бейсболды тастауға мәжбүр болды. Колледжден кейін, Мюррей Гарвард университетінің медициналық мектебінде, медициналық білім алған, бітіргеннен кейін ол әскерге шақырылады да, онда Уэлей Фордж (Пенсильвания) әскери ауруханасында хирургияны оқыған. Джозеф Мюррей 1990 жылдан Папа ғылым академиясының мүшесі.
Ғылыми еңбегі 1954 жылдың желтоқсанында Мюррей Әлемде ең алғашқы рет екі бірдей егіздердің арасында бүйректі трансплантациялады. 1959 жылы, ол енді аллографт жасай білді, яғни пациентке туыс емес донордың бүйрегін трансплантациялай алды. 1962 жылы Мюррей қайтыс болған донордан бірінші бүйрек трансплантациясын жүзеге асырды. Келесі жылы, транспланттау биологиясында иммунодепрессанттарды және трансплантаттың қабылдамау реакциялары механизмін зерттеуде пайдалануда әлемдік көшбасшы айналды. Азатиоприн сияқты ммунодепрессанттардың ашылуы, туыс емес донорлардың бүйрегін трансплантациялауға мүмкіндік берді.
1972 - 1985 жылдары Бостондағы балалар ауруханасында бас пластикалық хирург болды, содан Гарвард университетінің медицина мектебінің құрметті профессоры ретінде 1986 жылы зейнеткерлікке кетті.
Публикациялары (hardcover)
Дереккөздер
Сілтемелер Джозеф Мюррей Нобель сыйлығының сайтында
Санат:Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Гарвард университеті түлектері Санат:АҚШ хирургтары Санат:Трансплантологтар Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері Санат:Папа ғылым академиясының мүшелері