400px|нобай| Мұсылман әлемі: Ислам мемлекеті немесе Ислами мемлекет () деп негізінен Ислам дінін өзінің саяси институттарының идеологиялық негізі ретінде қабылдаған мемлекетті атайды. Әдетте бұл Ислам осы мемлекеттің ресми діні екенін және шариғаттың заң шығарудың бірден-бір қайнары екенін білдіреді. Шынайы «Ислам мемлекетінің» адам қолынан шыққан заңмен жүруі мүмкін емес, тек қана шариғатқа сәйкес басқарылады. Бұл адамдардың жоғары билігін (суверенитет) жариялаған Батыстың зайырлы демократиясына қарама қайшы түсінік. Қазіргі таңда халқының көп бөлігін мұсылмандар құрайтын 46 мемлекеттің тек 10 ғана конституцияларында өздерін «Ислам мемлекеті» деп жариялаған, ал олардың ішінде Құдайдың жоғары билігін бекіткен тек екі мемлекет бар — Иран және Пәкістан.

Дереккөздер

Әдебиет

Санат:Ислам