Хагендра Тапа Магар (14 қазан 1992 − 17 қаңтар 2020) — Непал тұрғыны. 14 қазан 2010-шы жылдан бастап 12 маусым 2011-ші жылға дейін әлемдегі ең кішкентай және де қысқа бойлы адам болып саналды. Оның бойы-67,08 см.
Магар ең қысқа бойлы жасөспірім ретінде әлемге аты танылған. Кәмелеттік жасқа толысымен 14 қазан 2010 жылы әлемдегі кішкентай адам атағын Эдвард Нино Эрнандестен тартып алады. Оның бойы 70 см болатын.
12 маусым 2011 жылы ең кішкентай ересек адам атағы филипиндік Баулинг Джунриге беріледі. Оның бойы-56 см еді.
Өмірбаяны Магар 14 қазан 1992 жылы Непал патшалығындағы Баглунг ауданында дүниеге келді. Ата-анасы: әкесі— Руп Бахадур, анасы — Дана Майя Тапа Магар. Ауыл тұрғындары Магарды «кіші Будда» деп атап кеткен. туған кезде салмағы 600 гр болған, ал қазір — 5,5 кг.
2008 жылы маусымда Магарды британдық 4-ші телеарнадан болған, «Мен және әлемдегі ең кішкентай адам» Марк Доланның деректі фильмінде көрсетті.
Қайтыс болуы Магар 2020 жылы 17 қаңтарда Похарада пневмониядан қайтыс болды, бұл туралы Гиннестің рекордтар кітабының ресми сайты хабарлады.
Дереккөздер
Санат:Гиннесстің рекордтар кітабының рекордсмендері