Қарасу, Жіңішке, Сасықбай – Күрті алабындағы өзен.

Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Майтөбе шоқысы етегінен алып, Күрті өзенінің саласы - Ақсеңгір өзеніне оң жағынан құяды.

Жоғары жағында Майбұлақ деп аталады.

Гидрологиясы Ұзындығы 35 км, су жиналатын алабы 380 км2. Өзеннің жоғарғы бөлігі тау шатқалымен, орта және төменгі ағысы жарқабақты және жарлауытты өңірмен ағады. Көктемде су тасиды. Аңғары мал жайлымына және шабындыққа пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) өзендері Санат:Күрті су алабы