Қарағайлы – Қарқаралы орманды-таулы массивіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының орталық бөлігінде, Қарқаралы тауларынан шығысқа қарай 10 км жерде орналасқан. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-ге созылып жатыр, ені 6 км-ге дейін жетеді. Абсолюттік биіктігі 1112 м.
Жер бедері Көлбеу беткейлері сай-жыралармен аз тілімденген бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Көптеген бұлақтары бар. Таудың қорғасын-барит кентастары негізінде Қарағайлы кен-байыту комбинаты жұмыс істейді.
Геологиялық құрылымы Орта және жоғарғы девон, силур жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырағында бетеге, қызғылт және қылқан селеу, бөрте жусан, сұлыбас, сайларында тал, беткейлерінде өте сирек қарағай, тобылғы, арша, қараған, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақ ЭнциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары