«Мұз дәуірі 3: Динозаврлар кезеңі» () — АҚШ мемлекеті шығарған толықметражды анимациялық фильм. 2009 жылы Blue Sky Studios студиясы 20th Century Fox компаниясымен бірлесіп шығарған. «Мұз дәуірі» және «Мұз дәуірі 2: Ғаламдық жылыну» мультфильмдерінің сиквелі болып табылады. Мультфильмнің режиссері - екінші бөлімді түсірген Карлос Салдана болып қала берді. Бірінші бөлімнің режиссері Крис Уэдж атқарушы продюсер рөлін атқарды. Басты кейіпкерлерді бұрынғы актерлер — Рэй Романо, Джон Легуизамо, Денис Лири, Куин Латифа, Шон Уильям Скотт, Джош Пеки, Крис Уэдж дыбыстады. Жаңа кейіпкерлерді дебютанттар Саймон Пегг және Карен Дишер дыбыстады. Мультфильмнің сюжеті бойынша жалқауаң Сид тираннозаврдың үш жұмыртқасын тауып алады. Нәтижесінде алып жануар Сидті ұрлап кетеді. Оны құтқаруға аттанған басты кейіпкерлер жер астындағы динозаврлар мекендейтін әлемге тап болады. Алдымен АҚШ кинотеатрларында Әкелер күніне орай алдын ала көрсетілімдер болды. Фильмнің әлемдік премьерасы 2009 жылы 1 шілдеде 3D форматында болды. Мультфильм сыншылардың әртүрлі пікіріне ие болды. Фильмнің үшінші бөлімі әлемдік прокатта $ 886,7 миллион қаржы жинап ең түсімді фильмге айналды. 2012 жылғы шілде айындағы жағдайға сүйенсек фильм ең түсімді фильмдер арасында төртінші орында тұр. Бұл тізімде ол «Ойыншықтар хикаясы. Қашу» ($1,063 миллиард), «Арыстан патша» ($951,6 миллион) және «Шрек 2» ($919,8 миллион) мультфильмдеріне жол береді.Italy Box Office IndexGreece Yearly Box OfficeSerbia and Montenegro Yearly Box OfficeSlovenia Yearly Box OfficeCroatia Yearly Box OfficeFrance and Algeria, Monaco, Morocco and Tunisia Yearly Box OfficeNETHERLANDS ALL TIME OPENINGSGermany Yearly Box OfficeAustria Yearly Box OfficeBrazil Yearly Box OfficePeru Yearly Box OfficeUruguay Yearly Box OfficeVenezuela Yearly Box Office
Рөлдерді дыбыстағандар Мэнни— Рэй Романо Сид— Джон Легуизамо Диего— Денис Лири Элли— Куин Латифа Крэш— Шонн Уильям Скотт Эдди— Джош Пек Бак— Саймон Пегг Скрат — Крис Уэдж Скратти — Карен Дишер Мама-Дино Руди Динозаврлар— Карлос Салдана Персик— Миа Талерико
Түсірілім тобы Режиссёры - Карлос Салдана Продюсер - Джон С. Докин, Лори Форте Сценарист - Майкл Берг, Питер Экерман, Майк Рейсс Композитор - Джон Пауэлл
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:АҚШ мультфильмдері Санат:2009 жылғы фильмдер Санат:Компьютерлік анимациялы фильмдер Санат:Карлос Салдана фильмдері Санат:Blue Sky Studios мультфильмдері Санат:Динозаврлар жайлы мультфильмдер Санат:Сөйлейтін жануарлар жайлы мультфильмдер Санат:Ағылшын тіліндегі мультфильмдер