Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов (19 мамыр 1964 жыл, Ұзынағаш, Жамбыл ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық саясаткер, инженер, экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Бұрын Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі (2022–2026), Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі (2019–2022), Сыртқы істер министрі (2018–2019), Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2016–2018), Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі (2015–2016) сияқты ірі лауазымдар атқарған.
Өмірбаяны Бейбіт Атамқұлов 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Білімі 1986 жылы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы универститетін бітірген,
Қызмет жолы 1985 жылдан - Норильск тау-кен-металлургиялық комбинатының мыс балқыту зауытының балқытушысы. 1986 жылдан - Шымкент мырыш зауытының балқытушысы, аға шебері, жетекші инженері, бөлім бастығының орынбасары. 1991-2006 жылдары - жеке секторда, өнеркәсіптік кәсіпорын басшылығында жұмыс істеді. 2006 жылдан - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде кеңесші, кеңесші-елші. 2007 жылдан - Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшілігінде кеңесші-елші 2008 жылдан - Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы бас консулы. 2010 жылдан - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы, Индонезиядағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппиндегі Төтенше және өкілетті елшісі. 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы. 2014 жылдан - Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысы. 2015 жылдың 8 тамызынан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.Акимом ЮКО назначен Бейбут Атамкулов 7 қазан 2016 жылы - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.Указ «О назначении Атамкулова Б. Б. Министром оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан» — Официальный сайт Президента Республики Казахстан 26 желтоқсан 2018 жылы - 18 қыркүйек 2019 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі. 18 желтоқсан 2019 жылы - 11 қаңтар 2022 жылы Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министріУказ О назначении Атамкулова Б.Б. Министром индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан. 31 қаңтар 2020 жылы - Қазақстан шахмат федерациясының президенті болып сайландыБейбут Атамкулов получил новую должность. 2022 жылғы 15 ақпанда лауазымнан босатылды.Досрочно прекращены полномочия Президента Федерации шахмат Атамкулова Б.Б. 2022 жылы 31 қазаннан бастап — Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы 2026 жылғы 22 шілдеде лауазымынан босатылды.Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Марапаттары Мемлекет Берілген уақыт Марапат 2001 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі - Құрмет ордені - Парасат ордені 2008 Астанаға 10 жыл медалі 29.05.2019 «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» медалі 2019 «Белсенді қызыметі үшін» медалі
Дереккөздер
Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Малайзиядағы елшілер Санат:Индонезиядағы елшілер Санат:Брунейдегі елшілер Санат:Филиппиндердегі елшілер Санат:Түркістан облысының әкімдері Санат:Экономика ғылымдарының кандидаттары Санат:Қазақстан индустрия министрлері