Қарамола – Ұлытау тауларының оңтүстік бөлігіндегі шоқылы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Қарсақпай кентінің солтүстік-батысында 10 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 643 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км шамасында. Беткейі тіктеу, сай-жыралармен тілімденген. Солтүстігінде Қантөбе тауы, шығысында Қызылқұдық, оңтүстігінде Тасқұдық құдықтары, батысында Пионер қыстау орналасқан. Тау баурайындағы бұлақтардан Бала Жезді, Тумырза-Сарыбай өзендері бастау алады.
Геологиялық құрылымы Жер қыртысы протерозой дәуірінің жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Аласа таудың қоңыр, бозғылт сұр топырақ жамылғасында ырғай, қараған, тобылғы, қылқан селеу, сұлыбас, еркек шөп, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары