Құздықара – Сағыз алабындағы өзен.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерімен ағады. Ұзындығы-38 км.

Бастауы Бастауын Шөлтөбе қыстауының батысындағы абсолюттік биіктігі - 200 м болатын жарқабақ етегіндегі бұлақтардан алып, Сағыз өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы Жоғары бөлігінде арнасы сайлы-жыралы, төменгі сағасы Аққұмсағыз құмымен ағады. Жағалауында бұта аралас жусан, бетеге, сұлыбас, т.б. шөптесіндер өседі. Негізінен көктемгі еріген қар суымен толығады. Жазда тартылып, құрғап қалады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы өзендері