Винс Эдвардс (, туған кездегі есімі Винсент Эдвард Зойно ) (9 шілде 1928 жыл — 11 наурыз 1996 жыл) — америкалық актёр, режиссёр және әнші, 1950-60-жылдары кино саласындағы және телевидениедегі атқарған қызметтері оның атағын асқақтатты.
Көбінесе Эдардс америкалық публиктерде 1961 жылдан бастап 1966 жылға дейін АВС телеарна көрсеткен "Бен Кейси" телесериалындағы "әдемі және тұйық", "жарық және теңдесі жоқ жас нейрохирург" бейнесімен даңқы артты.
Жас кезінде Эдвардс профессианал жүзгіш болды және ол Олимпиадаларға қатысуды арман етті. Бірақ, аяқ астынан жасалған аппендицитті жою операциясы оның арманының күл талқанын шығарды, Осыдан кейін ол актерлік шеберлігін шыңдауға бел буды. Эдвардс университетте қалды. Мұның себебі: Америкалық драма өнерінің академиясына түсу еді. Осыдан кейін ол «Парамаунт Пикчерзде» арнайы актер болды.
Эдвардстың қатысумен түсірілген үздік картиналар қатарына спорттық комедия «Әлем мистері» (1951), нуар фильмв «Өлтірус» (1956), «Келісіп өлтіру» (1958) және «Қорқыныш қаласы» (1959), сонымен қатар әскери драмалар қатарына жататын «Жеңімпаздар» (1963) және «Пері бригадасы» (1968)IMDB. http://www.imdb.com/filmosearch?explore=title_type&role=nm0250436&ref_=filmo_ref_typ&sort=user_rating,desc&mode=detail&page=1&title_type=movie.
Өмірінің ерте жылдары Винс Эдвардс 9 шілдеде 1928 жылы Нью-йорктық Бруклин районында итальяндық эмигранттар отбасында дүниеге келді. Оның әкесі тасшы болды. Өзінің егіз ағасы Энтони екеуі үйдің кенжелері болды. Кішкентай кезінен Эдвардс театр мен өнерге қатты қызығатын.
Дереккөздер
Санат:АҚШ актерлері Санат:1928 жылы туғандар Санат:1996 жылы қайтыс болғандар Санат:9 шілдеде туғандар Санат:11 наурызда қайтыс болғандар