Дандай Ысқақұлы (1946 жыл, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қоғам ауылы) - Сыншы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996).
ҚазҰУ-ды (1969), Әдебиет және өнер институтының аспирантурасын (1974) бітірген. 1975-1977 жылдары Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер, 1977-2000 жылдары ҚазҰУ-да оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, 2000-2004 жылдары Еуразия университетінде профессор қызметтерін атқарған. Қазір С.Демирел атындағы университеттің проректоры.
Ғалымның Алаш қайраткері Мұхтар Әуезов жайлы «Мұхтар Әуезов. Талант пен тағдыр», «Мұхтар Әуезов хақында мақалалар» еңбектері бар. Ғалым Алаш қайраткерлерінің қазақ әдебиеті сыны тарихындағы орнын дәйектеуге үлкен үлес қосты.«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:1946 жылы туғандар Санат:Отырар ауданында туғандар Санат:Қазақстан философтары Санат:Философия ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан әдебиет сыншылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Әдебиет және өнер институты түлектері Санат:Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қызметкерлері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті оқытушылары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары Санат:Еуразия ұлттық университетінің профессорлары Санат:Демирел атындағы университет оқытушылары Санат:Алаштанушылар Санат:Мұхтар Әуезов