Мозес Абрамовиц (; 1 қаңтар, 1912, Бруклин, Нью-Йорк штатында - 1 желтоқсан, 2000, Стэнфорд, Калифорния штаты) - америкалық экономист.

Өмірбаяны 1932 жылы - бакалавр дәрежесін алып, Гарвард университетін бітірген. 1939 жылы - Колумбия университетінде экономика саласындағы докторлық диссертациясын қорғады 1949 - 1974 жылдары - Стэнфорд университетінде сабақ берген. 1962 - 1963 жылы - Парижде ЕЭЫДҰ бас хатшысына экономикалық кеңесшісі болып жұмыс істеді. 1980 жылы - Америка экономикалық қауымдастығының президенті. 1985 жылы - Швецияда Упсала университетінің құрметті доктор атағы берілді. 1991 жылы - Деи Линчеи академиясының мүшесі. 2000 жылы - Стэнфорд университетінің ауруханасында 1 желтоқсанда қайтыс болды.

Басты еңбектері Price Theory for a Changing Economy, 1939; The Nature and Significance of Kuznets Cycles, 1961; Thinking About Growth and Other Essays, 1989.

Жанұясы Әйелі Кэрри Абрамовиц - белгілі мүсінші және суретші.

Сыртқы сілтемелер Абрамовиц Мозес биографиясы

Санат:1 қаңтарда туғандар Санат:1 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:АҚШ экономистері