Данайлар - Аргос аралын мекендеген ертедегі грек тайпасы. Гомер эпосындағы Данайлар - Трояны қоршауға алған гректердің атауы. Аңыз бойынша, Данайлар Трояға күшпен басып кіре алмай, қала қорғанының жанына ішіне қарулы жауынгерлер тығылған ағаш ат қалдырады да, өздері кетіп қалады. Көріпкел Лаокоонның "сыйлық тарту еткен Данайлардан қорқамын" деп ескерткеніне қарамастан (Вергилий, энеида, ІІ, 49), троялықтар ағаш атты қалаға алып кіргізеді. Түн ортасында онда жасырынған жауынгерлер ағаш аттан шығып, қала қақпасын қайта оралған жасақтарына ашып береді. Троя талқандалып, жаудың қол астына қарайды. Ел арасындағы "данай сыйлығы" деген қанатты сөз осыдан қалған. Дереккөздер Қазақстан Ұлттық Энциклопедия. 3 том. ISBN 5-89800-149-2
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Данайлар · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.