Максимилиан Пол Диармид «Макс» Айронс - ағылшын актері. "Қызыл телпек" триллеріндегі Генри, "Қонақ" фильміндегі Джаред Хоу, "Ақ патшайым" сериалындағы Эдвард рөлдері арқылы танымал.

Өмірбаяны Макс Айронс Лондонда дүниеге келді. Ирландық актриса Шинейд Кьюсак және Джереми Айронстың баласы.

Макс Айронс Оксфордта оқыған. Демалысын Ирландияда орналасқан отбасылық "Айронс" сарайында өткізеді. Кейін Дорсетшир мектебіне көшіп, регбимен айналысқан.

2008 жылы Гилдхоллск музыка және театр мектебін бітіреді.

Макс Айронс жарнамаларға да түскен.

2011 жылы "Қызыл телпек" триллеріне түсті.

2013 жылы 22 наурызда "Қонақ" фильмінің премьерасы өтті. Бұл фильмде Джаред Хоу рөлін сомдады.

2013 жылы "Ақ патшайым" сериалына түсті.

Жеке өмірі 2011 жылдан бастап Эмили Браунингпен жүрді. Қазіргі таңда Софи Перамен жүруде.

Фильмография Жыл Қазақша атауы Шынайы атауы Рөлі 2004 Театр Being Julia Бозбала 2009 Төленбейтін махаббат Unrequited Love Том 2009 Жүгіруші The Runaway Томми 2009 Дориан Грей Dorian Gray Люциус 2011 Қызыл телпек Red Riding Hood Генри 2013 Қонақ The Host Джаред Хоу 2013 Ақ патшайым The White Queen Эдвард2013 Антонио Вивальди Vivaldi Антонио Вивальди 2014 Бүлікшілер тобы The Riot club 2015 Ыблыс егіні The devil's harvest Юрий Дереккөздер http://www.kinopoisk.ru/name/673440/