Сасықкөл – Үй өзені алабындағы көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Қарабалық ауданы жерінде, Новотроицкое ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 209 м биіктікте.

Гидрографикасы Дөңгелек пішінді көлдің ауданы 20,9 км2, ұзындығы 5,4 км, ең енді жері 5 км-ге жетеді. Көл жағалауы жатық. Солтүстігінде (3 км жерде) жазда құрғап қалатын батпақты-шалшықты Шұбаркөл соры орналасқан. Көл суы кермек татиды. Жер асты, қар суымен толығады. Көктемде Шұбаркөл сорымен ұласып кетеді. Суында балық бар. Жағалауы шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Тобыл су алабы Санат:Қарабалық ауданы көлдері