Ахмед Шауки (; 16 қазан 1868 жыл – 14 қазан 1932 жыл) — мысыр-араб ақыны, жазушы, және аудармашы.Esat Ayyıldız, “Ahmet Şevki’nin Mısır İstiklalinin Müdafaası İçin Sömürge Yöneticisine Hitaben Nazmettiği Lâmiyye’sinin Tahlili”, Arap Edebiyatında Vatan ve Bağımsızlık Mücadelesi, ed. Ahmet Hamdi Can – İhsan Doğru (Ankara: Nobel Bilimsel Eserler, 2021), 1-26.
Өмірбаяны Каирдегі заң мектебін (1884), осы мектептің аудармашылар курсын (1886) бітірген. Кейіннен Францияда оқып, білімін көтерді.
Еңбектері "Булон орманы" атты өлеңдер мен мысалдар топтамасын, "Ұлы Али - бей немесе Мамлюктер мемлекеті" (1893) драмасын жазды. "Деншавай туралы естелік" (1906), "Ніл аңғарындағы ірі оқиғалар" (1894), "Мустафа Кәмил" (1908) т.б. өлеңдерінде отаршылдыққа қарсы үн көтерді. Шауки "Жастарға", "Отан" т.б. өлеңдері мен "Қызыл бостандық" поэмасында ағылшын отаршылдарына қарсы араб халқын бірігуге шақырды. "Клеопатра"(1927), "Камбиз" (1931) атты тарихи драмаларын жариялады.
Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 198 бет Esat Ayyıldız, “Ahmet Şevki’nin Mısır İstiklalinin Müdafaası İçin Sömürge Yöneticisine Hitaben Nazmettiği Lâmiyye’sinin Tahlili”, Arap Edebiyatında Vatan ve Bağımsızlık Mücadelesi, ed. Ahmet Hamdi Can – İhsan Doğru (Ankara: Nobel Bilimsel Eserler, 2021), 1-26.
Санат:Мысыр жазушылары