Эшторил () — Эшторил қаласындағы португал футбол клубы.
Тарихы Клуб 1939 жылдың 17 мамырында Grupo Desportivo Estoril Praia атымен құрылды. Эшторилдың алғашқы қожайыны боп Лиссабон-Каскейс теміржолының басшысы Фаусто Кардосо де Фигереду болды.
Клуб алғашқы жылдары Лиссабон чемпионатында ғана өнер көрсетті. 1943-44 жж. маусымда Эшторил Португалия Кубогында финалға дейін жетті (финалда Эшторил Бенфикадан 0:8 есебімен ойсырай ұтылды). 1944-45 жж. маусымда клуб алғаш рет Португалия чемпионатында өнер көрсетті. Бұл маусымда клуб соңғы орын алып, Сегунда лигасына шығып қалды. Одан кейін клуб 1952 жылға дейін Сегундада ойнады.
Эшторил Португалия чемпионатына 22 жылдан кейін Джимми Хаган бапкерімен қайтып оралды. Чемпионаттағы алғашқы маусымын клуб 8-ші орнымен бітірді, ал Кубокта ширек финалға дейін жетті. Бұдан кейін клуб 1980-шы жж. дейін чемпионатта және Кубокта орташа нәтиже көрсетіп жүрді.
1980-шы жж. соңында клуб бас бапкер боп Фернанду Сантуш тағайындалды. Осы бапкермен бірге клуб 1993-94 жж. маусымға дейін Чемпионатты қалуына септігін тигізді.
1994 жылы клуб жаңа құрылған Хонра лигасына түсіп қалды. Бұдан кейін клуб тарихында чемпионатта түсу мен көтерілулерді көрді.
2011–12 жж. маусымда клуб Марко Сильвамен бірге Морейренсе клубынан 5 ұпайға озып Хонра лигасын жеңіп алды. Жаңа басшылықпен клуб 2012-13 жж. маусымда Португалия чемпионатына қайта оралды. Осы жылғы маусымда Эшторил 5-ші орын алып алғаш рет еурокубоктерде өнер көрсетуге жолдама алды . thumb|Эшторил-Севилья ойынының басталуы 2013-14 жж. маусымда Эшторил іріктеу кезеңдерінде Хапоэль Рамат-Ган және Пашинг клубтарын жеңіп топтық кезеңге шықты. Топтық кезеңде клуб қарсыластары Севилья, Слован Либерец және Фрайбург болды. Олар топта тек қана 3 ұпайға қол жеткізді.
Жетістіктері Ұлттық титулдар Португалия Кубогы Финалист (1): 1943–44
Сегунда лига Жеңімпаз (2): 2003–04, 2011–12
Португалия екінші дивизионы Жеңімпаз (5): 1941–42, 1943–44, 1945–46, 1974–75, 2002–03
Интеркалар лигасы Жеңімпаз (1): 2009–10
"ПФФ" Кубогы Финалист (1): 1976–77
Лиссабон бірінші дивизионы Жеңімпаз (1): 1968–69
Дәйекнеме Санат:Португалия футбол клубтары Санат:1939 жылы құрылған футбол клубтары