Силлогизм аксиомасы - Аристотель тұжырымдаған силлогизмнің негізгі принципі: "Бір нәрсе басқа туралы, яғни бастауыш туралы айтылса, онда баяндауыш туралы айтылғандардың бәрі бастауыш туралы да айтылады". Дәстүрлі формалары логикада Силлогизм аксиомасының мағынасы барлық силлогизмдерді бірінші мүсін силлогизмдеріне (Силлогистика) келтіру операциясына байланысты аңғарылады. Қазіргі формальды логикада силлогизм аксиомасы туралы мәселе барынша кеңірек қойылған міндет - силлогистиканы аксиомалау мағынасында шешіледі. Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Силлогизм аксиомасы · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.