Қулықтау – Кетпен жотасының батыс сілеміндегі тау.
Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданындағы Жалаулы ауылының солтүстік-батысында 3 км-дей жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 2757 м. Оңтүстік-батыстан шығысқа қарай 25-26 км-ге созылып жатыр, енді жері 10-12 км.
Геологиялық құрылымы Тау эффузивтік жыныстардан, туфтан, әктастан түзілген. Беткейлері өзен аңғарларымен тілімденген.
Өсімдігі Тау баурайындағы қызғылт қоңыр қара топырағында дала ландшафтысы, таулы-орман топырағында Тянь-Шань шыршасынан тұратын қылқанды орман, таулы-шалғынды топырағында субальпілік шалғындар өскен. Бұлақтарға бай, мал жайылымына пайдалануға қолайлы. Қулықтаудан Кеген өзенінің салалары бастау алады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы таулары Санат:Тәңір тауы