Уолтер Норман Хоуэрс, басқаша — Гэворт немесе Хэворт (, [ˈhaʊwəθ]; 19 наурыз 1883, Чорли — 19 наурыз 1950, Бірмингем) — ағылшын химик-органик және биохимик, Лондон корольдік қоғамының мүшесі (1928).

Өмірбаяны Гёттинген университеті (философия докторы, 1910); 1911 жылы Манчестер университетінің ғылым докторы. 1912 жылдан бастап Сент-Андрюс университетінің, 1920 жыл бастап Ньюкаслдегі Армстронг колледжі, 1925—1948 жылдары — Бірмингем университетінің профессоры.

Негізгі жұмыстар Негізгі еңбектері көмірсутек химиясы бойынша. Көптеген қант құрылымын (малтоза, лактоза, крахмал, целлюлоза және т.б.) анықтады және олардың қасиеттерін зерттеді. Шекерлер номенклатурасы жетілдірді. Алғашқылардың бірі (1933) аскорбин қышқылының (C витаминінің) синтезін жүзеге асырды. Конформация терминінің авторы. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары атом энергиясын қолданумен байланысты әзірлемелерге қатысты, уран изотоптарын бөлу жұмысымен айналысты.

Нобель сыйлығы Бірмингем университеті жұмыс істеген кезінде химия бойынша Нобель сыйлығы (1937, П. Каррермен бірге) алды.

Есте сақтау 2008 жылы Халықаралық астрономиялық одақ Айдың оңтүстік полюсы аймағындағы кратерге Уолтер Хоуорстың атын берді.

Қолданылған әдебиеттер Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 42 бет

Сілтемелер Уолтер Норман Ховорт, 1883—1950 // Корольдік қоғам мүшелерінің некрологтық хабарламалары 1950—1951 жж., том. 7, 373—404 беттер, табақша, авторы Э.Л. Хирст Санат:Леополдина мүшелері Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (Ұлыбритания) Санат:Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Алфавит бойынша ғалымдар Санат:Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Лондон корольдік қоғамының мүшелері Санат:Уикипедия:Ортаққорға сілтенген мақалалар Санат:Тұлғалар