Көк мысыққұйрық (Setaria glauca) - астық тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық арамшөп. Биологиялық сипаттамасы Биіктігі 20-80 см, сабағы дара не шоқталып өседі. Гүлшоғыры - масақ, жапырағы жіңішке. Дәні тары тәрізді. Өсетін жерлері Егістікте, әсіресе тары егістігінде, жол бойында, бақшаларда, Аңызақ климатта өседі. Күрес шаралары Күрес шаралары: жерді сыдыра жырту, егетін тұқымды тазарту, дәрілеу. Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1975 жыл, 6 том, 12 бет

Дереккөздер

Санат:Астық тұқымдасы