Юрий Александрович Филипченко - совет биологы, генетик. Қызмет жолы 1905 ж. Петербург университетін бітіріп, сонда жұмыс істеген. 1912 ж. магистрлік, 1917 ж. докторлық диссертация қорғаған. Осы университетте Ресейде алғаш рет генетикадан лекция оқыды. 1919 жылдан университетте өзі ұйымдастырған генетика және тәжірбиелік зоологиялық кафедрасының профессоры. КСРО Ғалымдар Академиясында генетика тәжірбиесін ұйымдастырды. Еңбектері Юрийдің негізгі еңбектері адам тұқым қуу қасиетінің, ауыл шаруашылығы малдарының және өсімдік генетикасын зерттеуге арналған. Юрий - генетика, өзгергіштік, эксперименттік зоология, эволюция жөніндегі алғашқы оқулықтардың авторы, бидайдың "Петергофка" деген жаңа сортын шығарған.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том

Дереккөздер

Санат:КСРО тұлғалары