Көлқүдық – Балтакөл ауылдық округі аумағындағы көл.
Географиялық орны Түркістан облысы Отырар ауданы Балтакөл ауылының оңтүстігінде, өзімен аттас ауылдан солтүстікке қарай 1 км-дей жерде.
Гидрографикасы Ұзындығы 1 км-ге жуық, енді жері 200 м-дей. Жағалауы жазық, түбі тегіс. Жағалауында қамыс, құрақ өскен. Жаздың ыстық айларында құрғап қалды. Солтүстігі мен шығысында бірнеше қыстаулар орналасқан.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Дереккөздер
Санат:Отырар ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы