Виктор Яковлевич Субботин (8 қыркүйек 1911 жылы Пермь облысында туған)- қазақстандық селекционер - зоотехник. Қаз АКСР - нің еңбек сіңірген зоотехнигі (1971).

Өмірі Мәскеудің зоотехникалық институтын бітіріп (1935), Қарағанды облысы Тельман селосында, кейін Семей облысы "Шалабай" асыл тұқымды мал селосында аға зоотехник, 1938-47 жылдары Қаз АКСР Совхоздар халкомында зоотехник, аға зоотехник, бас зоотехник, зоотехника бөлімі бастығы.

1947-54 жылдары Қазақ АКСР Совхоздар министрлігі аппаратында зоотехния бөлімі бастығы, коллегия мүшесі, Солтүстік совхоздар басқармасы бастығының орынбасары, Мал шаруашлығы басқармасының бастығы, министрдің орынбасары.

1954-64 жылдары Қазақстан КП ОК-нде ауыл шаруашылығы бөлім меңгерушісінің орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, Қазақстан КП ОК-нің ауыл шаруашылығына басшылық ету бюросы председателінің орынбасары, 1964-65 жылдары Қаз АКСР ауыл шаруашылығы министрі.

1965 жылдан Қаз АКСР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасарыҚазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы қаласы,1977 ж. 10-том, Самал Жел-Тегене. 432-бет

Еңбектері мен марапаттары Субботин мал шаруашылығы жөнінде 20-дан астам ғылыми еңбек жариялады.

Қазақтың ақ бас сиырын шығаруда селекциялық жұмыстағы еңбегі үшін (бір топ ғалымдармен бірге) Субботинге КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты атағы берілді (1951).

4 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен наградталған.Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 429-432 бет

Дереккөздер

Санат:8 қыркүйекте туғандар Санат:1911 жылы туғандар Санат:Пермь өлкесінде туғандар Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлері Санат:Қазақстан халық комиссарлары мен министрлері Санат:Қазақстан зоотехниктері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехниктері Санат:Мәскеу зоотехникалық институты түлектері