«Кек алушылар: Шексіздік соғысы» — (2018) Марвел кинематографиялық әлемінің 19-шы фильмі. "Кек алушылар", "Кек алушылар: Альтрон дәуірі" фильмдерінің жалғасы. Фильм режисерлері ағайынды Джо мен Энтони Руссолар болды. Олар "Капитан Америка: Қысқы жауынгер" және "Капитан Америка: Азамат соғысы" фильмдерін түсірген еді. Түсірілім жұмыстары 2016 жылы басталады. Оған дейін Кек алушылардың саны көбейеді: Темір адам, Капитан Америка, Тор, Халк, Қара жесір, Алқызыл мыстан, Вижн, Ителгі, Қара пантера, Капитан Марвел, Доктор Стрэндж және Өрмекші-адам, Галактика сақшылары және т.б. қаһармандар қосылды.

Фильмнің басты антоганисті - Танос. Ол "Кек алушылар", "Галактика сақшылары", "Кек алушылар: Альтрон дәуірі" фильмдерінде әртүрлі камеолар ретінде қатысады. Танос және оның балаларынан құралған Қара орден ұйымы Шексіздік Тастарын жинауға аттанады. Шексіздік Тастар саны 6. Шексіздік тастарының барлығын жинап, Қексіздік Қолғабын киген Танос барша тіршіліктің жартысын жояғыы келетін жаратылысқа айналғысы келеді.

Санат:Энтони және Джо Руссо фильмдері Санат:Marvel кинематографиялық әлемінің фильмдері Санат:АҚШ фантастикалық фильмдері