Соқыр тышқан () — Кеміргіштердің Аламантәрізділер тұқымдасының бір туысы.
Биологиялық сипаттамасы Дене бітімі жұмырлау, тұрқы 13 см, түгі жұмсақ, қылшықсыз, түсі сарғылт, қара қоңыр.Көзі кішкене, құлағы шала дамыған, күрек тістері жер ақзуға икем, тіршілік әрекетін топырақ арасында өткізіп, жер бетіне сирек шығатын кеміруші. Еуразияның дала, шөл аймақтарында таралған, тауда 4000 м биіктікке дейін кездеседі. КСРО –де 3 түрі болды, оның ішінде Қазақстанда кең тараған түрі- кәдімгі Соқыр тышқан. (Е.talpinus).Бұның дене тұрқы 94,0-115,5 мм, топырақ бетінен 10-30 см тереңдікте топырақты қазып, өсімдік тамырымен қоректенеді. Қазып босатқан топырағын анда-санда жер бетіне шығарады және бұл топырақ осы қоректік ін жолының аузын жабады. Інін, ұясын қоректік ін жолына жалғастыра 1,5-2 м тереңдікке жасайды. Бау-бақша, беде егістігіне зиян келтіредіҚазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 321 бет
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Musser, G. G. and M. D. Carleton. 2005. Superfamily Muroidea. pp. 894–1531 in Mammal Species of the World a Taxonomic and Geographic Reference. D. E. Wilson and D. M. Reeder eds. Johns Hopkins University Press, Baltimore
Санат:Кеміргіштер