Георг Фукс (15.06.1868, Берфельден, Оденвальд - 16.06.1949, Мюнхен) - неміс театр теоритегі, режиссер, драмтург.
Қызмет жолы Басқалармен бірге Мюнхеннің көркем театрын ұйымдастырды. Мұнда Уильям Шекспирдің "Он екінші түнін", Аристофанның "Құстарын", өзі жазған "Тиль Уленшпигельді" және Гетенің "Фаустын" қойылымдары қойылды. "Болашақ сахнасы" және "Театр революциясы" атты теориялық еңбектерін жазып, өзінің сахналық өнер жайлы принциптерін тұжырымдады. Ол театрдың негізгі мақсаты сахнада сұлулықты паш ету және сахна өнері тек таңдаулы көрермендерге ғана арналуы қажет деп тапты. Театрға импрессионистік кескіндеме прицпін ұсынды. Осымен байланысты театрдағы басты тұлға суретші деп есептеді. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том
Дереккөздер
Санат:15 маусымда туғандар Санат:16 маусымда қайтыс болғандар Санат:Германия режиссерлері Санат:Германия драматургтері Санат:Мюнхен көркем театры тұлғалары Санат:Гессенде туғандар Санат:Мюнхенде қайтыс болғандар