Шалы Кекілов (, 1906 жыл, Кеши ауылы – 8 қазан 1943 жыл) — кеңестік және түрікмен ақыны, Аман Кекиловтың үлкен ағасы.

Өмірбаяны Кедей шаруы отбасында туған. Шығармалары 1927 жылдан бастап жарияланды. 1932-1936 жылдары Түрікменстан Жазушылар Одағында, баспа орындарында қызмет етті. «Қыздар мұңы» (1928), «Бостандық бағы» (1928), «Қыздарға» (1932) атты өлеңдерінде әйел теңдігін жырласа, «Колхоз жолы - социализм жолы» (1931), «Қызыл-Арват жөндеу зауытында» (1935) т.б. шығармалары коллективтендіру мен индустрияландыру тақырыбына арналды. Ұлы Отан соғысына қатыса жүріп, «Иван-ағай» (1942), «Карел орманында» (1943) атты поэмалар жазды. Ұлы Отан соғысында қаза тапты. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том

Дереккөздер

Санат:1906 жылы туғандар Санат:1943 жылы қайтыс болғандар Санат:Түрікменстан ақындары Санат:Түрікменстанда қайтыс болғандар