Майкл Скьюдамор Редгрев - ағылшын актері.

Актер отбасында туған. 1931 ж. Кембридж университетін бітіргеннен кейін педогогикалық қызметпен шұғылданады. Әуесқойдар қойылымына қатсқан. 1934 ж. профессионалды актерлік өнер жолын бастады. 1936 жылдан Лондонның әр түрлі тетарларында қызмет етіп, Гамлет король Лир, Тузенбах, Ракитин, Алексей Турбин т.б. рольдерді шынайы орындады. Ол - өз шығармашылығында К.С. Станиславский жүйесіне сүйенетін, реалист суреткер. 1938 жылдан киноға түсіп, қойылымдарды қойған. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том

Дереккөздер

Санат:Ұлыбритания тұлғалары