Антимоз Михайлович Рогава - колхоз өндірісінің жаңашылы. Социалистік Еңбек Ері атағын екі рет алған. 1939 жылдан КОКП мүшесі. 1930 ж. Зугдиди ауыл шаруашылық техникумын бітірді. 1931-1932 ж. агротехник, 1933-1935 ж. совхоз директорының орынбасары және Зугдиди ауданының еңбекшілер депутаты Советінің инструкторы. 1936-1938 ж. сельсовет председателі, 1938-1951 ж. В.И.Ленин атындағы колхоздың председателі 1952-1960 ж. "Сакартвело" колхозының председателі, Хецерск шай савхозының директоры. В.И.Ленин атындағы колхоздың председателі. Колхоз шай жапырағының әр гектарынан 1969 ж. -61,3 ц өнім жинады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1973ж.,9 том
Дереккөздер
Санат:КСРО тұлғалары Санат:1977 жылы қайтыс болғандар Санат:Екі мәрте Социалистік еңбек ерлері