thumb|right|200px|Дарданелл бұғазы Дарданелл бұғазы () немесе Геллеспонт ( — көне грек атауы) немесе Чанаккале бұғазы () — Азия мен Еуропаны бөліп тұрған бұғаз. Мәрмәр және Эгей теңіздерін жалғастырады.

Ұзындығы 120 км, ені 1,3 км-ден 27 км-ге дейін кеңейеді. Фарватеріндегі ең саяз жер 29 метр. Жағалауы құмтас пен әктастан түзілген. Мәрмәр және Эгей теңіздері суының тұздылығы мен тығыздығы әр түрлі болғандықтан, бұғаздан екі қарама-қарсы бағытта ағыстар өтеді.

Дарданелл бұғазының азиялық жағалауында Түркияның Гелиболу (Галликоли), Еуропалық жағалауында Шанаққала порттары орналасқан. Дарданелл бұғазының экономикалық әрі стратегиялық маңызы зор. Бұғаз арқылы Қазақстаннан тауар (мұнай, астық, түсті металдар, т.б.) тиеген кемелер әлемнің бірқатар елдеріне сапар шегеді.

Санат:Атлант мұхиты бұғаздары Санат:Түркия бұғаздары