Ли Ги Ён ((; лақап аты - Минчхон; 1895 жыл 29 мамыр, Чхонан - 1984 жыл 9 тамыз) — корей жазушысы, мемлекеттік және қоғам қайраткері.

Өмірі Корея еңбек партиясының мүшесі. Корея пролетар жазушыларының ассоциациясын ұйымдастырушылардың бірі.

1924 жылдан бастап жазушылықпен айналысты. Ерте жазылған әңгімелерінде трагедиялық сарын басым болды. Ол «Қарапайым халық ауылы» (1925) атты повесінде бірінші болып корей шаруаларының тұрмысын суреттеді. «Туған ел» (1934) романында ағарту идеясын көтерді. Оның антифеодалдық бағытта жазылған «Тың жер» (1939), 1945 жылдан кейін Кореяда жүргізілген жер реформасын суреттеген «Жер» (1-2 бөлім; 1948-1960), жапон отаршылдарына қарсы күресті бейнелеген үш томдық «Тучман өзені» (1954-1964) романдары бар.

1950 жылдан Бүкіл дүние жүзі Бейбітшілік Кеңесінің мүшесі. 1946 жылдан Корей-кеңес достығы қоғамының өкілі. Ол КСРО-ның Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Korean Literature Большая советская энциклопедия. — М.: Советская энциклопедия. 1969—1978

Санат:1895 жылы туғандар Санат:Корей жазушылары