Жан Буридиан - француз философы, номиналист. 1328 жылдан Париж университетінің өнер факультетінде оқытушы, кейін ректоры болды. Францияда Оккамның номинализмі мен табиғат зерттеу ғылымдарының бірқатар идеяларын таратушылардың бірі болды. Жанның діншілдік сарыны жоқ шығармаларының көбі - Аристотель еңбектеріне берілген түсініктемелер. Жан идеяларын әрі қарай дамытқан шәкірті - Альберт Саксонский. Жан Буридиан ерік бостандығы жайындағы мәселені ғылыми тұрғыда шеше алмай, ақырында индетерминимге апарып тірейді.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том
Дереккөздер
Санат:Франция тұлғалары