Михаил Григорьевич Лысенко (; 1906 жыл 29 қазан - 1972 жыл 8 мамыр, Киев) - кеңес мүсіншісі, КСРО халық суретшісі (1963), КСРО Көркемсурет академиясының академигі (1970). 1948 жылдан КОКП мүшесі. Еңбек жолы 1931 жылы Харьков көркемсурет институтын бітірді. 1947 жылдан Киев көркемсурет институтының профессоры. Басты еңбектері «Даңқ дөңесіндегі» кеңес жауынгерлерінің мүсіні (Львов, қола, 1947), Киевтегі А.Н.Щорс (қола, 1949 - 1954), Запорожьедегі В.И.Ленин (қола, 1964), Хмельницкийдегі В.П.Затонский ескерткіштері. Марапаттары Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені және медальдармен марапатталған. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:Академиктер Санат:Тарихи тұлғалар Санат:1906 жылы туғандар Санат:1972 жылы қайтыс болғандар