Натан Самойлович Рыбак - украин совет жазушысы.
1940 жылдан КОКП мүшесі. Қызметкер отбасында туған. Киевтегі химия-технологиялық институтта оқыды. Шығармалары 1930 жылдан бастап жарияланды. "Жарыс сапарымен", "Еңбек елі" новеллалар және әңгімелер жинағы және "Зеңбірек аузымен шығысқа қарай", "Киев" романдарында КСРО халқының индустрияландыру дәуірін, жаңа өмір құрып жатқан совет адамдарын суреттеді. Натан "Ерлік", "Соңғы маршал", "Фоунзе туралы әңгімелер", "Ту" атты новеллалар жинағын, Ұлы Отан Соғысы кезінде "Қару бізбен бірге" романын жазды. Сондай-ақ Украинада революцияның жеңісін бейнелеген "Днепр", тарихи-өмірбаян тақырыбына "Оноре де Бальзактың қатесі" толықтырылған нұсқасы, атом қауіпі туралы "Үміт пен аяқталудың мезгілі" романдарын жазды. Ал "Переяслав радасы" атты романында украина халқының 1648-54 ж. тәуелсіздік үшін жүргізген күресі бейнеленген. Осы шығармасы үшін Натан 1950 ж. КСРО мемлекет сыйлығын алды. Натан шығармалары көптеген тілдерге аударылды. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976ж., 9 том
Дереккөздер
Санат:КСРО тұлғалары