Аркадий Александрович Пластов (31 қаңтар 1893 ж., Ульяновск облысы, Ресей империясы — 12 мамыр 1972 ж., сонда, КСРО) — Кеңес одағының атақты суретшісі, КСРО халық суретшісі, КСРО Көркемсурет академиясының толық мүшесі.

Өмірбаяны 1914-1917 жылдары Мәскеудің кескіндеме, мүсін және сәулет өнері училищесінде оқыды. 1920 жылдар мен 1930 жылдардың басында негізінен саяси тақырыптағы плакаттар жасады әрі орыс жазушыларының шығармаларын көркемдеді. 1935 жылдан бастап совет ауылын , оның адамдары мен сұлу табиғаты жайлы қанық бояулы жанрлық картиналар салды. Пластов шығармашылығында колхозшылар еңбегі, совет халқының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі, сондай-ақ бейбіт еңбектің қуанышы кең көрініс береді. .

Еңбектері «Фашист ұшып өтті» (1942) «Пішкен шабу» мен «Егін орағы» (1945,Мәскеу) «Тракторшылардың кешкі асы» (1951) «Велосипедтегі қыз» (1956) «Көктем» (1954) «Жаз» (1959-60)

Жетістіктері Пластов – көптеген портрет, пейзаж және кітап иллюстрацияларының авторы. Лениндік сыйлықтың (1966), Сталин сыйлығының (1946), КСРО және РКФСР (1972) Мемлекет Сыйлығының лауреаты. 2 рет Ленин орденімен және медальдармен марапатталғанҚазақ совет энциклопедиясыПластова Т. Ю. Аркадий Александрович Пластов. Великие художники. Том 78. Москва, 2011..

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Д. К. Самин. Аркадий Пластов. Биография Аркадия Пластова Галерея на сайте Масловка

Санат:1893 жылы туғандар Санат:1972 жылы қайтыс болғандар Санат:КСРО халық суретшілері Санат:Лениндік сыйлықтың иегерлері Санат:Сталиндік сыйлықтың иегерлері Санат:КСРО суретшілері